Мұнай шламын қайта өңдеу

  • Санат: Экология және мұнай-газ

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасында баламасы жоқ, тауарлық мұнай мен қоршаған ортаға зиянсыз құрғақ құмды ала отырып, мұнай шламдарын (мұнай өндірісінің қалдықтарын) қайта өңдеу бойынша экологиялық қауіпсіз және қалдықсыз өндіріс құру болып табылады.
Мұнай шламының шұңқырларының болуы қоршаған ортаға – ауаға, топыраққа, жер асты суларына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне кері әсерін тигізеді. Атмосфера ыдырау және булану өнімдерімен ластанады, сондай-ақ органикалық мұнай өнімдерінің топыраққа еніп, жер асты суларымен бірге сақтау орындарынан едәуір қашықтыққа көшу қаупі бар. Сонымен қатар, белсенді ауылшаруашылық өндірісінен толықтай шығарылған шлам қоймаларына қомақты жер учаскелері бөлінген.
Бүгінде әлемнің ірі экономикаларын декарбонизациялаудың тұрақты үрдісі байқалады. Көміртекті бейтараптық және көмірден бас тарту мақсаттары туралы мәлімдеген елдер саны жыл сайын артып келеді. Қазақстан сондай-ақ "жасыл" дамудың әлемдік трендтерін белсенді ұстанады.
Жобалық қуаттылығы-қазіргі уақытта жылына 70 мың тонна. Болашақта-жылына 1 млн. тоннаға дейін.
Пайдалануға беру 2023 жылдан 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.